Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Абильдаев Мейрамбек Токмырзаевич – Мектеп директоры, «№268 мектеп лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесін 2022 жыл 2 қарашадан бастап басқарып келеді. Еңбек жолын жоғары оқу орнынан оқытушы болып бастаған.  20 жыл еңбек өтілі бар биология пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты –  «Педагог-сарапшы». Мектеп директорлары арасында өткізілген облыстық байқаудың алғыс хат иегері. Қалалық, облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

 

 

Калжанова Айгул Куанышовна — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2017 жылдан бері атқарып келеді. Еңбек жолын Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі №85 орта мектептен бастаған, 22 жыл еңбек өтілі бар бастауыш пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – «педагог-зерттеуші». Мұғалімдердің біліктілігін дамытуда, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді. Оқушылары аудандық ғылыми жоба байқауларының, аудандық жалпы білім беретін пән олимпиадаларының жүлдегерлері.

 

 

Беделбеков Әділет Бауыржанұлы — директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2023 жылдан бері атқарып келеді. Еңбек жолын  «Казпочта» акционерлік қоғамынан бастаған, 7 жыл еңбек өтілі бар дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – «педагог-сарапшы». Облыс әкімінің құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының құрмет грамоталарымен марапатталған.

 

 

 

Сарыбаев Жангабыл Серикович — мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2021 жылдан бері атқарып келеді. Еңбек жолын Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылынан бастаған, 27 жыл еңбек өтілі бар география пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – «педагог – зерттеуші». Мұғалімдердің біліктілігін дамытуда, оқушылардың білім сапасын арттыруда нәтижелі еңбек етіп келеді. Оқушылары алғыс хат, грамоталардың иегерлері.

 

 

 

Сейпулова Алия Ибраевна — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2023 жылдан бастап атқарып келеді.  Еңбек жолын 1987 жылы Қызылорда қаласы, №143 орта мектептен бастаған, 36 жыл еңбек өтілі бар орыс тілі пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – «педагог-зерттеуші». Қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасымен, қала әкімінің алғыс хаттарымен, қалалық және облыстық маслихатының алғыс хаттарымен марапатталған. Оқушылары Республикалық Олимпиаданың жүлдегерлері.

 

 

 

 

Кенжебаев Мейірман Рахимович — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2021 жылдан бастап атқарып келеді.  Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектептен бастаған, 27 жыл еңбек өтілі бар тарих пәнінің мұғалімі. Біліктілік санаты – «педагог-сарапшы». Аудандық, облыстық  алғыс хаттармен марапатталған.

 

 

 

Құлмырза Ерлан Серікұлы — бағдарлы оқыту  жөніндегі орынбасары қызметін 2019 жылдан бастап атқарып келеді.  Еңбек жолын 1997 жылы АӘД пәнінің мұғалімі болып бастаған, 27 жыл еңбек өтілі бар. Біліктілік санаты – «педагог-зерттеуші». Аудандық, облыстық  алғыс хаттармен марапатталған. Спорт және мәдениет саласы кәсіподағының «құрмет белгісі» төсбелгісінің иегері.  Мәдениет министрлігінің, облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.