Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша
білім бөлімінің
«№268 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
МӘЛІМЕТ
ҚР Президентінің «100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасына сәйкес, 2012 жылы Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз саяжайында 300 орындық № 268 орта мектеп ғимараты салынып, 2013 жылы 1 қыркүйектен бастап жұмыс жасап келеді.
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылдың 6 желтоқсандағы №9796 қаулысымен «268 мектеп-лицейі» мәртебесіне ие болды.
№268 мектеп-лицейі жанынан қосымша 200 орындық ғимарат 2022-2023 оқу жылында пайдалануға берілді.
Осы жылдар аралығында мектепке Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы, Тоқтамысов Зейнулла Мырзаханович, Сейтжанова Жулдызай Кожамуратовна басшылық жасады. Қазіргі таңда мектепке Абильдаев Мейрамбек Токмырзаевич басшылық жасауда. Білім ордасында 133 педагог қызмет атқарып, 1200 — ден астам оқушы білім алуда.
№268 мектеп-лицейінде 32 оқу кабинеті бар, спорт зал-1, акт залы-1, асхана -1, кітапхана-1.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оқу ғимаратының ішінде және сыртқы ауласында 70-тен аса бейнебақылау камералары орналасқан.
2023-2024 оқу жылындағы 52 сынып косплектісінін ішінде :
1 сынып -6; 2 сынып -5; 3 сынып-5; 4 сынып -5; 5 сынып-6; 6 сынып-5; 7 сынып-5; 8- сынып-5; 9- сынып-4; 10 сынып -4; 11 сынып -2.